jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан өңірлеріндегі орман қоры аумағында бірден бес өрт ошағы тіркелді

    Орман өрті
    Орман өрті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бүгін, 4 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында бірден бес өрт ошағы тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 2026 жылы 4 тамызда республика бойынша мына өңірлердегі орман қоры жерінде өрт тіркелді:

    • Ақмола облысы – 2 өрт;
    • Шығыс Қазақстан облысы – 2 өрт;
    • Қарағанды облысы – 1 өрт.

    "Өрт ошақтары орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде анықталып қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

    Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде аз уақыт ішінде оқшауланып, бірқатар өңірдегі өрт ошақтары толық сөндірілді", - делінген министрлік хабарламасында.

    Өрт сөндіру жұмыстарына "Казавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлері мен орман мекемелерінің техникалары және қызметкерлері қатысты.

    "Аптаптың сақталуы мен найзағайлы фронттардың тұрақты сақталатынын ескертеміз және табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз", - деп қосты министрлік өкілдері.

    Қазақстан өңірлеріндегі орман қоры аумағында бірден бес өрт ошағы тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.