jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның шығысындағы ауылдардың бірінде күшті дауыл тұрып, үйлердің шатырын ұшырды (видео)

    Зақым келген үй
    Зақым келген үй. Видеодан кадр: instagram.com/eldar.tumashinov.official

    Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде дауыл тұрып, салдарынан үйлерге зақым келіп, шаруашылық құрылыстары бүлінген. Оқиға орнына Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Эльдар Тумашинов Instagram-дағы парақшасында күшті дауыл тұрған Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылына барып қайтқанын жазды.

    "Күшті дауылдың салдары шынымен де ауыр: қатты жел тұрғын үйлерге зақым келтіріп, шатырларын ұшырып әкеткен, сондай-ақ шаруашылық құрылыстары да бүлінген.

    Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына оңай емес екенін жақсы түсінемін. Сондықтан біздің міндетіміз – келтірілген залалды бағалап қана қоймай, ең алдымен көмекке мұқтаж жандарға мүмкіндігінше жедел қолдау көрсету.

    Тұрғындардың қажетті көмекті алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жазды аудан басшысы.

    Ол Малоубинка ауылының тұрғындарын қиындықта жалғыз қалдырмайтынына сендірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram