jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус өртенді

    өртенген автобус
    Өртенген автобус. Видеодан кадр: 24.kz

    Батыс Қазақстан облысында 37 адам мінген автобус өртенді. Оқиға Самара - Шымкент тас жолының Теректі ауданы тұсында болды.

    24.kz ақпаратына сәйкес, өрт шыққан сәтте салонда 37 жолаушы болған, олар өздігімен эвакуацияланды.

    Өртті өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сөндірді, оған жеке құрамнан сегіз адам мен екі техника жұмылдырылды.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Kazinform мәліметінше, автобус Орал - Қаратөбе бағыты бойынша жолға шыққан. Жолаушылар арасында қарт адамдар мен балалар болған.

    "Бұл Оралдан Қаратөбеге қатынайтын автобус. Әрең шығып үлгердік", - деді жолаушылардың бірі.

    БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.