Ақтауда 18 қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерден өрт шықты: 8 адам құтқарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтауда 17-шағынауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарып қалды, тағы 60 адам өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан. Бұл туралы ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, төтенше жағдай 18 қабатты тұрғын үй кешенінде болған – онда 10 және 12-қабаттардағы пәтерлерден өрт шыққан.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаумен қатар өртті сөндіруге кіріскен.
"Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Өздігінен 60 адам, оның ішінде 21 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2410787-aqtaudagy-18-qabatty-turgyn-ui-keshenindegi-paterlerden-ort-shyqty-8-adam-qutqaryldy/
