Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлаған оқиғаға қатысты Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚФФ сайтында жарияланған мәлімдемеде федерация Астанадағы төтенше жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірген. Кеше, 10 тамызда Астанадағы футбол алаңында бір бала зардап шеккен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген мәлімдемеде.
ҚФФ өкілдері балаға және оның отбасына қолдау білдіретінін жеткізді.
Белгілі болғандай, оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.
"Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ федерация құзырлы органдарға оқиға себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын", - делінген мәлімдемеде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2411263-astanada-zhattygu-kezinde-balanyng-ustine-futbol-qaqpasy-qulady/
