jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана маңында жоғалды деген екі ер адам қамыс арасында ұйықтап қалған

    Құтқарылған жігіт
    Құтқарылған жігіт. Кадр: "КТК" арнасы

    Астана маңында жоғалып кетті деп құтқарушылар іздеуге шыққан екі ер адам қамыс арасында ұйықтап қалған. 24 және 25 жастағы жігіттер су қоймасында SUP-бордпен серуендеуге шыққан екен, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Кенеттен қатты жел соғып, толқын көтерілгендіктен, ер адамдар жағалаудан шамамен төрт шақырым қашыққа ұзап кеткен. Әйелдері құтқарушыларға хабарласқан соң, төтеншеліктер бірден оқиға орнына жетіпті. Іздеу жұмысы, шамамен, төрт сағатқа созылған.

    Адасқандар бұл уақытта әбден шаршап, қамыс арасына кіріп ұйықтап қалыпты. Тіпті құтқарушылардың дауысын да естімеген. Олар түнгі сағат бірде табылды. Бірақ түнде суға түскендері үшін қалтасындағы ақшасынан қағылды.

    "Екі ер адамды құтқару үшін оқиға орнына Ақмола облысының және Астана қаласының 25 құтқарушысы мен үш жүзу құралы келді. Қатты жел мен толқын болғандықтан, іздеу қиынға түсті. Жігіттер төрт сағаттан соң құтқарылды. Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін, атап айтқанда, түнгі уақытта суға түскені үшін әкімшілік жауапқа тартты", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Астана маңында жоғалды деген екі ер адам қамыс арасында ұйықтап қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.