jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда қоймадан өрт шықты (видео)

    өрт
    Өрт. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Жетісу ауданы Тобаяқов көшесіндегі қойма ғимаратынан өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматыда жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндірілуде.

    "Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма өртенді деген алдын ала мәлімет бар. Оқиға орнында өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды", - деп хабарлады ведомство.

    Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ашық жалынға оранғаны анықталды.

    "Оқиға орнында үш өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өртті сөндіру жұмыстарын қою түтін, жоғары температура және өрт жүктемесінің көп болуы күрделендірді.

    Оқиға орнына ТЖД-ның 63 жеке құрамы мен 16 техникасы, Алматы-1" ЖЭО-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, "Су Арнасы", "Алматы Тазалық" қызметтері, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және автопоезд жұмылдырылды.

    Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ.

    Сағат 10:45-те қабылданған шаралар нәтижесінде өрт оқшауланғаны белгілі болды.

    Алматыда қоймадан өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.