jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бурабайдағы Көкшетау тауында өрт шықты: сөндіруге тікұшақ тартылды

    "Бурабай" тауындағы өрт
    "Бурабай" тауындағы өрт. Фото: instagram.com/parkburabay

    Бүгін, 13 тамызда таңертең Бурабайдағы Көкшетау тауында өрт шықты. От орман аумағының 0,002 гектарын шарпыған. Абырой болғанда, тілсіз жау бұдан үлкен аумаққа таралмады, деп хабарлайды Ұлттық паркке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өрт таңғы сағат 07:30-да "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бурабай орманшылығы аумағында шыққан және Көкшетау тауында 300 метрден астам биіктікте тіркелді.

    "Оқиға орнына ұлттық парк күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 08:05-те басталды. "Бурабай" МҰТП қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында сағат 08:10-да өрт ошағы оқшауланды. Өрттің орман алқабына таралуына жол берілген жоқ", - делінген ұлттық парк хабарламасында.

    Өртті сөндіруге "Бурабай" МҰТП-нің 10 қызметкері, екі техника – өрт сөндіру автокөлігі мен шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ "Қазавиаорманқорғау" РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    "Бурабай" МҰТП өрт қаупі жоғары кезеңде тіпті шағын өрт ошағының өзі орман алқабына елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады. Ұлттық парк тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және өрт белгілерін байқаған жағдайда парк қызметкерлеріне немесе 112 нөміріне дереу хабарлауға шақырады.

    Бурабайдағы Көкшетау тауында өрт шықты: сөндіруге тікұшақ тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.