Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр
Жарияланған күні:

Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге 200-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды baq.kz.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында Суықсу және Қызылту ауылдарының маңында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Суықсу ауылының маңындағы өрт оқшауланды. Елді мекеннен солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан таулы-шоқылы аумақта құрғақ шөп өртенген.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерге су себіліп, қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2413229-qaragandy-oblysyndagy-tabigi-ortti-200-adam-sondirip-zhatyr/
