Таразда үшқабатты ойын клубы өртенді
Жарияланған күні:

Тараз қаласындағы Ташкент көшесінде үш қабатты ойын клубының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс жағдай 16 тамызда болған.
"Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде ашық жалын және қою түтін байқалды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрттің жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ".
Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2413334-tarazda-ushqabatty-oiyn-kluby-ortendi/
