"Енді қалай ұйықтаймыз?": Түркістан облысында үйге жылан кіріп кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Леңгір қаласында жергілікті тұрғынның үйіне жылан кіріп кеткен. Түркістан облысының құтқарушылары бауырымен жорғалаушыны ұстап, үйден шығаруға көмектесті, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне Түркістан облысы Леңгір қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, арнайы жылан аулау құралдарының көмегімен оны ұстап, үйден алып шыққан.
Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ құтқарушылардың жыланды ұстап, үйден шығарып жатқан сәттен видео жарияланды.
"Қайда қашып барасың? Мықтап ұстадыңдар ма, жігіттер? Енді қалай ұйықтаймыз?" - деген ер адамның дауысы естіледі.
ТЖМ жыланды байқаған жағдайда оған жақындамауды, өздігінен ұстауға немесе қууға әрекет жасамауды ескертеді.
"Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз", - дейді құтқарушылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2414622-endi-qalai-uiyqtaimyz-turkistan-oblysynda-uige-zhylan-kirip-ketti-video/
