Шымкентте құтқарушылар өртке оранған пәтерде қалып қойған баланы құтқарды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкенттегі көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар пәтерден баланы алып шықты. Сондай-ақ тағы бес тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
19 тамызда Шымкент қаласында Байдібек би даңғылының бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
ТЖМ күштері бір баланы құтқарды. Тағы 5 адам, оның ішінде 3 бала баспалдақ арқылы эвакуацияланды.
Құтқарушылардың кәсіби әрекеттері нәтижесінде өрттің көршілес бөлмелерге таралуына жол берілмеді. Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2415113-shymkentte-qutqarushylar-ortke-orangan-paterde-qalyp-qoigan-balany-qutqardy-video/
