jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды

    оқ-дәрі
    Оқ-дәрі. Көрнекі фото: Global Images Ukraine/Getty Images

    Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Оқиғаға құрғақ шөптің жануы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер мен қираған нысандардың жоқ екенін мәлімдеді.

    Оған құрғақ шөптің жануы себеп болды. Жарылған оқ-дәрі бұған дейін қайта өңдеуге дайындалған болатын.

    Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеді.

    "Азаматтарды желіде таратылып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

    Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram