Алматыдағы Mega орталығынан адамдар эвакуацияланды: не болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Куәгерлер Алматыдағы Розыбакиев көшесінде орналасқан Mega сауда-ойын-сауық орталығынан келушілер эвакуацияланғанын хабарлады. Бұған қатысты орталық әкімшілігі мен қалалық ТЖД өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
MEGA Alma-Ata әкімшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында өрт дабылы іске қосылғанын мәлімдеді.
"Құрметті келушілер! MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында өрт дабылы іске қосылды. Жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
СОО өз жұмысын жалғастырып жатыр. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта біз тексеріс жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтаудамыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.
Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін "112" пультіне Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA ойын-сауық орталығы мекенжайы бойынша шақырту түскен.
Шақырту орнына бірнеше минут ішінде өрт сөндіру есептері жедел жеткен.
"Алғашқы келген бөлімшелер барлау жұмыстарын жүргізіп, электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алғанын, ашық жану болмағанын анықтады.
Қысқа тұйықталудың салдары жойылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп мәлім етті қалалық ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2416440-almatydagy-mega-ortalygynan-adamdar-evakuatsiialandy-ne-boldy-video/
