Алматыда кабельдік шахта өртенді: адамдар эвакуацияланып жатыр
Жарияланған күні:

Бүгін, 23 тамызда Алматыда кабельдік шахтада өрт шықты. Өрт жоғары шақыру деңгейі бойынша сөндірілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Алмалы ауданындағы Әди Шәріпов көшесінде алдын ала мәлімет бойынша кабельдік шахтада өрт шықты.
"Оқиға орны барланған соң газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Өрттің шығу ошағын анықтау үшін жылу түсіргіштер қолданылып жатыр", - делінген хабарламада.
Кейін оқиға орнында өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылғаны хабарланды. Адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жалғасуда.
Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2417007-almatyda-kabeldik-shahtada-ort-shyqty-adamdar-evakuatsiialanyp-zhatyr/
