jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

    Тау
    Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 24 тамызда Астана уақытымен сағат 19:31-де "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан.

    Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49,117°, шығыс бойлықтың 84,500°.

    Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылы – 2 балл.

    Ведомство өкілдері жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені еске салды:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

    2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

    3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

    4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

    8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.