Шымкентте газ құбыры тұтанды (видео)
Жарияланған күні:

Бүгін Шымкенттегі Қаратөбе тас жолында орналасқан газ құбырында газ тұтанды. Құтқарушылар өртті сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін "112" пультіне Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тас жолында орналасқан газ құбырында газдың тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау жабдығында ашық жалын байқалды. Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатты.
ТЖМ бөлімшелері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді және жалынның жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне дереу хабарлау қажет екенін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2417745-shymkentte-gaz-qubyry-tutandy-video/
