jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Төтенше жағдай: Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (видео)

    АМӨЗ-дегі өрт
    АМӨЗ-дегі өрт. Кадр видеодан: instagram.com/atyrauoil.official

    Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген өрттің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "АМӨЗ" ЖШС Facebook-тегі парақшасында 25 тамызда сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту қондырғысының тұндырғышында мұнау шламы тұтанғанын хабарлады.

    "Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Өртті оқушаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге зардап шеккендер жоқ екенін да атап өтілді.

    Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің ресми Telegram-арнасында АМӨЗ аумағындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады.

    Ведомство өкілдері түтін шыққаны туралы хабарлама "112" пультіне 25 тамыз күні сағат 12:55-те түскенін айтты.

    "Нысанның ерекшелігін ескере отырып, ТЖМ күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді", - деп атап өтті ведомство.

    Өртті сөндіруге ТЖМ, "Семсер өрт сөндіруші", АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды.

    Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралмаған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Ведомство өрттің шығу себептерін анықтап жатқанын атап өтті.

    Төтенше жағдай: Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram