jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандағы тағы бір мұнай өңдеу зауытында оқыс оқиға болды

    МӨЗ
    МӨЗ. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында "KEGOC" АҚ-ның 220 кВ сыртқы электрмен жабдықтау көзінің кернеуі төмендеген. Бұл туралы "ҚазМұнайгаз"-дың баспасөз қызметі хабарлады.

    Ұлттық компания мәліметінше, электр қуаты қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта бір технологиялық қондырғыны қайта іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

    "Өндірістік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Оқыс оқиға мұнай өнімдерін тәуліктік өндіру көлеміне әсер еткен жоқ. Өнімді тиеу жұмыстары да қалыпты жағдайда жүзеге асырылып жатыр.

    Зауыт сыртқы электр желілерінен қуат алып отыр", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" өкілдері.

    Компания өкілдері зауыттағы автоматтандыру және апатқа қарсы қорғаныс жүйелері мұндай жағдайлардың салдарын барынша азайтатынын атап өтті.

    Қазақстандағы тағы бір мұнай өңдеу зауытында оқыс оқиға болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.