jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағандыда 23 жастағы жігітті топырақ басып қалды

    Құтқару жұмыстары
    Құтқару жұмыстары. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm/41622

    ТЖМ құтқарушылар топырақ астында қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    ТЖМ-ның мәліметінше, оқыс жағдай 25 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында болған.

    Сол аудандағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған.

    Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алған.

    Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

    Қарағандыда 23 жастағы жігітті топырақ басып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.