jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қостанайда ірі өрт: әкімшілік ғимарат пен көліктер өртке оранды (видео)

    Қостанайдағы ірі өрт
    Қостанайдағы ірі өрт. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

    Бүгін Қостанай қаласындағы Әл-Фараби даңғылында ірі өрт болды. Тілсіз жау үш қабатты әкімшілік ғимараттың маңынан басталған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың маңынан басталған. Кейін жалын ғимараттың қаптамасына, үшінші қабаттағы кабинетке және шатырына жайылды. Сондай-ақ ғимарат жанында тұрған екі жеңіл автокөлік те өртенді", - делінген ведомствоның ресми Telegram-арнасында.

    Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.

    Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екінші қабатта болған әйелді құтқарды. Оны арнайы құтқару капюшонының көмегімен ғимараттан шығарып, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

    Оқиға орнында жедел өрт сөндіруд штабы құрылды. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары шақырудың жоғарылатылған №2 дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр.

    Қостанайда ірі өрт: әкімшілік ғимарат пен көліктер өртке оранды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.