jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қытай мен Непалдағы су тасқыны: СІМ шекара асқан қазақстандық туристі іздестіріп жатыр

    Непалдағы су тасқыны
    Непалдағы су тасқыны. Фото: AFP via Getty Images

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың туристік топ құрамында Қытайдан Непалға шекара асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Күні кеше Қытай мен Непал шекарасы маңында көшкін жүргені белгілі болды. Бұл жол қозғалысына, байланыс пен электр қуатына кері әсерін тигізді. Кейіннен жойқын су тасқыны болғаны хабарланды. Оның салдарынан мыңдаған адам хабар-ошарсыз кетті. Тасқынға жер сілкінісі мен одан кейінгі көшкін себеп болған.

    Осыдан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандастарымыз туралы алғашқы мәліметтерді жариялады. Кеше төтенше жағдай болған жерде қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат болмаған еді. Алайда бүгін NUR.KZ тілшісіне жаңа деректер мәлім болды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара асқан. Қазіргі уақытта отандасымыздың қайда екені белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастырып жатыр", - делінген ресми түсініктемеде.

    Айта кетейік, бүгін таңертең табиғи апат құрбандарының саны 160 адамнан асқаны айтылды. Сондай-ақ Непал мен Қытай билігі бірқатар елдің азаматтары хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған.

    Қытай мен Непалдағы су тасқыны: СІМ шекара асқан қазақстандық туристі іздестіріп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.