jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үлкен Алматы көлі маңында таудан тас құлады (видео)

    тас
    Тастың құлауы. Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.original

    Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Үлкен Алматы көлі аумағында тау жыныстарының құлағанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Зардап шеккендер жоқ.

    Instagram-дағы Кris.p.original парақшасында Алматы тауларында тау жыныстары құлады деген ақпарат пен видео жарияланды.

    "Іле Алатауында, 2500 метр биіктікте, Үлкен Алматы көлінің маңында тау жыныстары құлады. Ауа райының ашық болғанына қарамастан, таудан кенеттен тастар құлап, айналаны қалың шаң басты. Адамдар қауіпсіз қашықтықта болды, сондықтан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі мегаполистің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Олар ақпаратты растады.

    "Бүгін сағат 11-де бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында Үлкен Алматы көлі (ҮАК) аумағында тас құлаған сәт түсірілген видеоматериал анықталды. Бұл оқиға 25 тамызда, шамамен сағат күндізгі екіде болған. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.

    Үлкен Алматы көлі маңында таудан тас құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.