Астанада құрылыс краны құлап, бір адам мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 27 тамызда Астанада құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, салдарынан краншы қаза тапты, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"27 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс краны құлап, салдарынан краншы мерт болды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Медицина қызметкерлері ер адамның алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғанын растаған.
Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2419399-astanada-qurylys-krany-qulap-bir-adam-mert-boldy/
