Шымкентте шөп тиелген жүк көлігі өртке оранды (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте шөп тиелген жүк көлігі өртке оранды. Тілсіз жау көліктің тіркемесінен шығып, сығымдалған шөпті шарпыған. Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдіктің 20-дан астам қызметкері, 7 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданындағы Алматы тасжолы бойында жүк көлігінің тіркемесінде сығымдалған шөп жанды. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда .Оқиға орнына апаттар медицинасы орталығының бригадасы да жеткен.
"Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 58 көлік өртенген. Мамандардың айтуынша, көлік өрттерінің негізгі себептерінің бірі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп пікір білдірді қалалық төтенше жағдай департаменті өкілдері.
Жалпы, жыл басынан бері қалада 200-ден астам өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55 жағдайға аз. Өрт салдарынан 11 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2419416-shymkentte-shop-tiegen-zhuk-koligi-ortke-orandy-video/
