jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртенді: қызметкер зардап шекті (видео)

    Ұшақтағы өрт
    Ұшақтағы өрт. Кадр: t.me/kozachkow

    Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы өртенді. Оқиға видеоға түсіп қалды. Air Astana қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Kozachkow Telegram-арнасында Алматы әуежайында түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан FlyArystan әуекомпаниясы ұшағының іші өртеніп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ ұшақ айналасын түтін басқаны байқалады.

    NUR.KZ тілшісі FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сауал жолдады. Олар бүгін FlyArystan әуе кемесінде жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде өндірістік оқиға болғанын растады.

    "Жұмыс барысында өрт шықты. Оны әуежайдың шұғыл қызметтері дереу сөндірді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды.

    Оқиға кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болған жоқ. Әуе кемесі уақытша қолданыстан алынып тасталды. Қазіргі уақытта зақымдану дәрежесі бағаланып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген жауапта.

    Қазір Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртенді: қызметкер зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.