jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда кафе өртенді: 15 адам құтқарылды (видео)

    Алматыда өртенген кафе ғимараты
    Алматыда өртенген кафе ғимараты. Кадр видеодан: t.me/qr_tjm

    Кеше, 28 тамызда Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан кафенің ғимаратында түтін шыққан. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ ресми Telegram-арнасында.

    Алматы қаласының құтқарушылары кафеде болған өрт кезінде 15 адамды эвакуациялады. Оқиға 28 тамызда болған. Өрт шыққан жерге ТЖМ-нің өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жіберілді.

    "Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафе ғимаратының ас бөлмесінде төбе жабындысы мен сөрелердің жанғанын анықтады.

    Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды", - деп жазады ведомство өкілдері.

    Екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйден құтқарушылар 15 адамды эвакуациялаған.

    Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Алматыда кафе өртенді: 15 адам құтқарылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.