Алматыда тұрғын үйде өрт шығып, бір әйел ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыдағы тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан бір әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, 112 пультіне 30 тамызда Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Мынбаев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталып, кейін жапсарлас орналасқан көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына таралған.
ТЖМ бөлімшелерінің күші өртті оқшаулап, толығымен сөндірді. Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Өрттің мән-жайы мен шығу себебі анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2420243-almatyda-turgyn-uide-ort-shygyp-bir-aiel-auruhanaga-tusti/
