jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтауда катер жартасқа соғылды: қаза тапқандар бар (видео)

    Катер жартасқа соғылды
    Катер жартасқа соғылды. Кадр видеодан: instagram.com/112_aktau

    30 тамызда Ақтауда Каспий теңізінің акваториясында ішінде жеті адамы бар серуендеу катері жартасқа соғылды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға болғаны туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен. Катер 5А шағын ауданы маңындағы жартасқа соғылған.

    "Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, катерде болған тағы екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықта екі адамның денесін тауып, судан шығарды", - деп хабарлады ведомство.

    Құтқару операциясына Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері, төрт техника және төрт жүзу құралы жұмылдырылды.

    Сонымен қатар оқиға орнында полицияның 10 қызметкері, төрт техника, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және жедел медициналық жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеді.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    Ақтауда катер жартасқа соғылды: қаза тапқандар бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.