jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада тағы бір құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты, зардап шеккендер бар

    Құрылыс аумағында кран құлады
    Құрылыс аумағында кран құлады. Кадр видеодан: t.me/qumash_kz

    Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде кран құлағаны туралы ақпарат тарады. Бір адам қаза тапты. Қалалық полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Qumash Telegram-арнасында Нұра ауданындағы салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында төтенше жағдай болғаны туралы ақпарат жарияланды. Онда құрылыс краны құлаған.

    Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне құрылыс кранының құлауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп нақтылады полиция.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мұнаралы кран Қорғалжын тас жолында, №100 мектептің маңындағы салынып жатқан ғимарат аумағында құлағанын нақтылады.

    "Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадалары барды. Оқиға салдарынан екі адам жарақатпен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Бір зардап шегушінің жағдайы ауыр. Екінші пациент стационарлық деңгейде қажетті медициналық көмек алып жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

    Астанада тағы бір құрылыс краны құлады: бір адам қаза тапты, зардап шеккендер бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram