Түркістан облысында 22 тонна май тиелген жүк көлігі отқа оранды (видео)
Жарияланған күні:

Түркістан облысында тіркемесі бар жүк көлігі отқа оранды. Өрт шамамен 1 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәлліметінше, оқыс жағдай Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылынан 8 шақырым қашықтықта, республикалық маңызы бар "Алматы–Термез–Ташкент" автожолында болған.
Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толықтай жанып, синтетикалық майдың бір бөлігі автожолға төгілген.
"Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ТЖМ күштері өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жол қызметінің мамандары жұмыс жүргізіп, синтетикалық майдың төгілу салдарын жоюда. Жұмыстар шамамен 500 метр жол учаскесінде жүргізіліп жатыр.
Өртт сөндіруге ТЖМ-нің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2421612-turkistan-oblysynda-22-tonna-mai-tielgen-zhuk-koligi-otqa-orandy-video/
