jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Оралда 10 жасар бала токқа түсіп қайтыс болды

    Аурухана бөлмесі
    Аурухана бөлмесі. Фото: pixabay.com

    Орал қаласындағы қосалқы станцияда 10 жасар бала токқа түсіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте Круглоозерное кентінде болды. Бүгін жақындары баланы ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

    Оқушыны ток соғып, қайтыс болғаны туралы жергілікті тұрғындар хабарлады. БҚО полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың 1 қыркүйегінде шамамен сағат 20:30-да 10 жасар бала электр қосалқы станциясына шығып кеткен. Сол жерде оны ток соққан.

    "Биіктен құлау және алған жарақаттары салдарынан бала есін жимастан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    3 қыркүйекте жақындары баланы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның сыныптастарының ата-анасы бала өте пысық, досқа адал және білімқұмар болғанын айтады.

    "1 қыркүйекте ол барлық оқушы сияқты мектепке барды. Үйге келіп, тамақтанып, сыртқа шығып кеткен. Сол күні кешке қайтыс болғаны туралы суық хабар жетті", - дейді олар.

    Ауыл тұрғындары бала қауіпті екенін біле тұра, қосалқы станцияға өз еркімен шықпайтынына сенімді.

    "Жанында болған достары оның қашан бөлініп кетіп, қосалқы станцияға шыққанын байқамай қалған. Олар болған жайтты тек ток соққан сәтте ғана түсінді. Қатты ұшқын шығып, бала ұшып кетіп, басымен соғылды. Кейіннен кернеу 10 мың вольт болғаны, ал электр разряды иықтан аяғының саусағына дейін өткені анықталды", - дейді жергілікті тұрғындар.

    Кішкентай куәгерлер бірден марқұмның ағасына қоңырау шалған. Ол оқиға орнына жүгіріп келіп, жасанды тыныс алу арқылы көмектесуге тырысқан, бірақ баланың соңғы демін ғана көрген. Ауыл тұрғындары тоқтың қатты соққысынан барлық ішкі мүшесі зақымдалғанын айтады.

    Жергілікті тұрғындар қауіпті нысанның ашық тұрғанын атап өтті. Аумақ қоршалмаған, қосалқы станцияның есіктері жиі ашық қалатын болған, сыртқа сымдар шығып тұрған. Балалар бұл жердің маңында жиі ойнайтын.

    Марқұм жергілікті мектептің бесінші сыныбында оқыған, оның жасы 10-да еді. Таныстары оны ақылды, қабілетті және мейірімді бала ретінде еске алады. Ол көршілері мен ересектерге әрдайым сыпайы сәлемдесетін.

    Оралда 10 жасар бала токқа түсіп қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram