Астанада салынып жатқан 12 қабатты үй өртенді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 6 қыркүйекте, Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар өрті сөндірді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы.
Ведомство мәліметінше, Сарайшық ауданында салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, ғимараттың бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі жылытқыш материалдардың жанып жатқаны анықталды.
"Өрт сөндіру құралдары дереу іске қосылды. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.
Ведомствоның сағат 14:50-дегі ақпараты бойынша, өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2423669-astanada-salynyp-zhatqan-12-qabatty-ui-ortendi-video/
