Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өткен түнде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпудің есептік қарқындылығы 2 балл болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2026 жылғы 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 49.167° солтүстік ендік, 84.417° шығыс бойлық.
Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылында – 2 балл.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2423856-shygys-qazaqstanda-zher-silkinisi-tirkeldi/
