jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді

    Орман өрті
    Орман өрті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Өрттердің біреуі Шығыс Қазақстан облысында, екеуі Қостанай облысында, тағы біреуі Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

    Орман алқаптарындағы өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы нәтижесінде дер кезінде анықталған.

    Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар және арнайы техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында барлық өрт толық тоқтатылып, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

    Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.

    Мамандар азаматтарды орман аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

    Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram