Маңғыстауда шаңды дауыл соқты: қоршаулар қирап, аялдамалар құлады, ағаштар сынды
Жарияланған күні:

Маңғыстауда қатты жел соғып, шаңды дауыл тұрды. Облыс орталығында ұйытқи соққан желге төтеп бере алмаған құрылыс нысандарының қоршаулары қирап, аялдамалар құлаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қала көшелерін шаң басып, ағаштар сынды. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.
"112-ден келген хабарламаларға облыс тұрғындарның бейжай қарамауын сұраймыз. Ескертудің барлығына. Қатты жел кезінде мүмкіндігінше сыртқа шықпауларыңызды, балкондағы жеңіл заттарды ,ұшып кететін заттарды қауіпсіз жерге орналастыруды, найзағай кезінде ағаштың астына көлік қоймауды ескертеді", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерлан Солтанмұратов.
Желдің екпіні қатты болғаны соншалық, қала көшелеріндегі ағаштар опырылып сынып, бағдаршамдар істен шыққан. Қатты жел құрылыс нысандарының қоршауларына да зақым келтірді. Құрық ауылындағы тұрғын үйдің шатыры ұшып кетіп, жерге құлаған.
Құтқарушылар шатырдың қауіпті бөлігін бөлшектеп, қауіпсіз жерге көшірді. Қазір шатыры ұшып кеткен ғимаратта жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Желге төтеп бере алмаған жабындының жалпы аумағы 100 шаршы метрді құраған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
Дереккөз: КТК телеарнасы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2424822-manggystauda-shangdy-dauyl-soqty-qorshaular-qirap-aialdamalar-qulady-agashtar-syndy/
