Ақтөбедегі ауылдардың бірінде тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:

Ақтөбеде Қобда ауылында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты.
Өрт кезінде үйде әйел жалғыз болған, деп хабарлайды "Астана" арнасы. Құтқарушылар келгенде бір бөлме мен шатыр толықтай отқа оранған. Қазір тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Kazinform мәліметінше, өрттің ауданы — 96 шаршы метр. Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.
"Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция жұмылдырылды", — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2425467-aqtobedegi-auyldardyng-birinde-turgyn-ui-ortenip-bir-adam-qaza-tapty-video/
