jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдағы 12 қабатты үйден өрт шықты: 72 адам эвакуацияланды (видео)

    Өрттен құтқару сәті
    Өрттен құтқару сәті. Кадр: ТЖМ

    Бүгін таңертең Алматының Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 10 адам, оның ішінде бірнеше бала құтқарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдері хабарлағандай, бүгін таңертең Алматы қаласының "112" пультіне Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданы, 76-үйде орналасқан пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері келген кезде 12 қабатты тұрғын үйдің 12-қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің ғимараттың шатырына таралу қаупі туындады.

    Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 72 адам эвакуацияланды, олардың арасында 8 бала және мүмкіндігі шектеулі 3 адам бар.

    Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде оттың ғимарат шатырына таралуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта сөндірілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram