jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Терезеден жылап жатқан баланы көрген": ШҚО-да полицейлер өртеніп жатқан үйден баланы аман алып қалды

    Аман қалған бала мен оны құтқарған полицей
    Аман қалған бала мен оны құтқарған полицей. Фото: ШҚО ПД

    Бүгін сағат 13:00 шамасында Алтай қаласының оңтүстік бөлігін патрульдеу кезінде "Алтай 03" патрульдік автокөлігінің экипажы жеке сектор аумағынан қалың түтіннің көтерілгенін байқаған, деп хабарлайды ШҚО ПД.

    Тәртіп сақшылары дереу түтін шыққан аумаққа бет алған. Алтай көшесіндегі № 3 үйге келген бойда жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрген.

    Терезеден жылап жатқан баланы көрген полиция майоры Азамат Қанапин өрт сөндірушілерді күтіп тұрмай, дереу көмекке ұмтылған. Оған әріптестері — взвод командирі полиция капитаны Ринат Құниязов пен патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Абзал Смағұлов бірден көмектесіп, бірігіп терезені сындырды. Осыдан кейін майор Қанапин үйде қалған баланы тез арада сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге алып кетті.

    Сондай-ақ оқиға орнында жүрген көрші де дереу шұғыл қызметтерге хабарласып, өз кезегінде көмек көрсеткен.

    Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Құтқарылған бала дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

    Полицейлер мен көршінің жедел әрі үйлесімді батыл әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде құтқарылып, қайғылы жағдайдың алды алынды.

    "Терезеден жылап жатқан баланы көрген": ШҚО-да полицейлер өртеніп жатқан үйден баланы аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram