jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Құтқарушылар Түркістандағы өрт кезінде 60-тан астам адамды эвакуациялады

    өрт сөндіру көлігі
    Өрт сөндіру көлігі. Иллюстрациялық фото: t.me/qr_tjm

    Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде құтқарушылар 60-тан астам адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның мәліметінше, өрт 9-көшедегі 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден шыққан.

    Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен. Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде ғимараттың 8-11 қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

    "ТЖМ қызметкерлері автосаты арқылы өрт сөндіру оқпандарын дереу беріп, өртті сөндіруге кірісті.

    Сонымен қатар тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 63 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.

    Өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Құтқарушылар Түркістандағы өрт кезінде 60-тан астам адамды эвакуациялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram