Бүгін Қазақстанда 3 орман тіркелді
Жарияланған күні:

Бүгін, 16 қыркүйекте республика бойынша 3 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
2026 жылғы 16 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді.
Өңірлер бойынша:
*Қарағанды облысы – 1 өрт; *Семей орманы МОТР – 1 өрт; *Ертіс орманы МОТР – 1 өрт тіркелген.
"Орман алқабында өрт анықталғаннан кейін мамандар қажетті жұмыстарды жедел түрде бастады. Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің күштері мен арнайы техникасы жұмылдырылып, сонымен қатар "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлері де қатысты. Олар аумақты әуеден бақылап, жердегі өрт сөндіру жұмыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Өрт болып жатқан аумақ жағдайы қазіргі таңда тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру шаралары жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2428683-bugin-qazaqstanda-3-orman-tirkeldi/
