Алматы облысындағы заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысындағы заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты. Өрт аумағы – 400 шаршы метр, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылының маңындағы заңсыз қоқыс полигонында қоқыс жанған.
Өрт аумағы 400 шаршы метр болған. Өрт оқшауланған.
"Оқиға орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, арнайы техниканың көмегімен аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
ТЖМ өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2428748-almaty-oblysyndagy-zangsyz-qoqys-poligonynda-iri-ort-shyqty-video/
