jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы көпқабатты үйден өрт шығып, 30-ға жуық адам құтқарылды

    Өрт
    Өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды, тағы 40 адам эвакуацияланды. Оқиға бүгін таңертең болған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін таңертең Алматы қаласының Әуезов ауданына қарасты Ақсай-1А шағынауданында орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

    Өрт аумағы 20 шаршы метр болған.

    ТЖД құтқарушылары автосаты, құтқару қалпақтары және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарған. Сонымен қатар 40 адам эвакуацияланған.

    Өрт жарты сағат ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Алматыдағы көпқабатты үйден өрт шығып, 30-ға жуық адам құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram