jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты (видео)

    өрт
    Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_live

    Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында өрт шықты. Өрттен зардап шеккендер жоқ, қызыл жалын ауыздықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматыда Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты. Орталық аумағындағы өрт сөндіру көліктері түсірілген кадрлар Instagram-дағы almatinec_live парақшасында жарияланды.

    Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

    "21 қыркүйек сағат 23:45-те Алматы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданы Жахангер көшесі, 14 мекенжайына аттанды. Оқиға орнына жеткенде екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында, шамамен 20 шаршы метр аумақтатұрмыстық техника мен заттардың жанып жатқаны анықталды. Сағат 00:38-де өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы ТЖД-дан 20 жеке құрам мен 5 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

    Өрттің неден шыққаны анықталуда, алдын ала болжам бойынша оған электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

    Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram