jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Семейдегі автожуу ғимараты өртке оранып, газ тасымалдағыш көлік жарылды: екі адам зардап шекті (видео)

    Семейдегі автожуу ғимаратындағы өрт
    Семейдегі автожуу ғимаратындағы өрт. Кадр: t.me/qr_tjm

    Бүгін, 22 қыркүйекте кешке Семейде бір қабатты автожуу ғимараты өртке оранды. Өрт сөндіру есептоптары келгенге дейін газгольдер жарылған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, өрт жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралғаны анықталды. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өрт толық сөндірілді.

    "Нақтыланған мәлімет бойынша Семей қаласы Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдағыш көлік жарылған. Өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған.

    Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, жедел медициналық жәрдем қызметі "Зеленострой" ЖШС-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам және 30 техника жұмылдырылды.

    Өрт шығу себебі анықталып жатыр.

    Семейдегі автожуу ғимараты өртке оранып, газ тасымалдағыш көлік жарылды: екі адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram