Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, жедел-тергеу тобы құрылған. Оқиға орнында ІІМ, ТЖМ және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.
Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2432766-kaspiidegi-oqu-zhattygu-kezinde-askeri-qyzmetshiler-qaza-tapty-qylmystyq-is-qozgaldy/
