Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістанға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство ақпаратына сәйкес, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйекте жеткізілді.
"Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Түркістан әуежайына жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Түркістанда марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
- ҰҚШҰ өкілдері Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты пікір білдірді
- Каспийдегі трагедия: әкімдік ешкімді бір күндік жалақысын аударуға мәжбүрлемейтінін мәлімдеді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2433466-manggystau-oblysynda-qaza-tapqan-aga-leitenanttyng-denesi-turkistanga-zhetkizildi/