jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Кінәлілер жауапқа тартылады": қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (видео)

    ТЖ орны
    ТЖ орны. Фото: gov.kz

    Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

    Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.

    "Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз", - деп қосты министр.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады", - делінген министрлік хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен нашарлауы және екпінді жел салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші кетіп қалған болатын. Үшеуі аман, 14-і қаза тапты.

    Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Сондай-ақ әскерилердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram