jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақордада өкімнің мәтіні жарияланды.

    "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында:

    1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мына құрамда құрылсын:

    Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;

    Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;

    Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

    Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

    Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;

    Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

    Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;

    Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

    Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

    2. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын.

    3. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті 

    Қ.Тоқаев

    Астана, Ақорда, 2026 жылғы 26 қыркүйек

     № 336", - делінген өкім мәтінінде.

    Қазақстанда Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram