jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

    Алматы таулары
    Алматы таулары. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы тұрғындары бүгін жергілікті уақыт бойынша 09:38-де жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ Қазақстанда жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті.

    "Мәліметтер нақтылануда. ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді.

    Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда", - делінген хабарламада.

    Кейін жер сілкінісі туралы ақпарат толықтырылды. "Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, Астана уақыты бойынша: 09:38-де тіркелген жер сілкісінінің есептік қарқындылығы:

    • Алматыда - 3-4 балл
    • Қаскелеңде – 2-3 балл
    • Боралдайда – 2-3 балл
    • Өтеген батыр ауылында 2 балл болды.

    Жер сілкінісінің ошағы – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде .

    Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram